Үш жасөспірім «Атырау – Алматы» бағытындағы пойыз вагонына өрмелеп кеткен

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2207

«Атырау – Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызы жоспарланған уақытынан кеш жүрді, деп хабарлады Madeniportal.kz.

«Атырау – Алматы» пойызы жөнелтіліп жатқан сәтте үш жасөспірім соңғы вагонға жармасуға әрекет жасаған. Қауіп-қатерді дер кезінде байқаған вокзал кезекшісі дереу полицияға хабарлап, нәтижесінде жасөспірімдер ұсталды. Пойыз бес минутқа кешігіп, қозғалысын қайта жалғастырды», - делінген темір жол қызметіне жауапты мекеме таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға кезекті ескерту жасады.

«Вагонға жармасу (зацепинг) – өте қауіпті және заңмен тыйым салынған; Пойызға тек арнайы жабдықталған платформалар арқылы ғана мінуге және түсуге болады; Техникалық аялдама кезінде пойыздан шығуға болмайды; Теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуге және мас күйде жүруге тыйым салынады», - деп жазылған ескертуде.

Ұлттық тасымалдаушы ата-аналарға балаларға теміржол қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...