Қостанай облысында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2107

Бүгін Қостанай облысы Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде облыстық маңызы бар "Әулиекөл-Жолдама" тас жолында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды, деп хабарлайды ТЖМ ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған madeniportal.kz.

ТЖМ қызметкерлері автобустан жақын маңдағы Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне 13 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады. "ТЖМ күштері 14 адам бар екі автобус пен жеті жеңіл көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығару жұмыстары жалғасуда. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ", - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...