Белгілі БАҚ-тың негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов орыс халқына деген ерекше ықыласын ашық айтты, деп...
Ресми ақпарат: Айдос Үкібай Сара Алпысқызы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз
2494
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Алпысқызы 85 жасында өмірден өтті деген хабар тарады. Алайда бұл мәлімет расталмады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Х платформасында мәлімдеме жасап, желіде тараған бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Сара Алпысқызы, Қазақстанның бұрынғы президентінің жұбайы, қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның көз жұмғаны жөніндегі хабар шындыққа жанаспайды”, – деді ол өз жазбасында.