Сұлтан Сәрсемәлиевтің Наурызды өлтіруі: Жанжал неден басталды?

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
240

Сот барысында Сұлтан Сәрсемәлиев Наурызбен неге жанжалдасқанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот барысында Сұлтан Сәрсемәлиевтің жедел-тергеу тобына бұрынғы қайын ағасы марқұм Наурыз Мұқанғалиевпен екеуінің арасындағы жанжал барысында қалай өлтіргенін баяндап, қылмыстың мән-жайын көрсеткен бейнежазбасы ұсынылды.

«Наурыз бойдақ. Оның үстіне психикасы қалыпты емес. Ашушаң. Сосын ғой үйленбей жүргені. Енді дұрыс адам болса жасы 30-дан асты, үйленуі керек қой», - деді күдікті.

Айта кетейік, Атыраудағы таргедияға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Сәрсемәлиевтің сөзінше, болған жағдайдан кейін ол біраз уақыт аулада отырып, не істерін білмей қалған. Кейін үйге қайта кіргенде Наурыздың еденде жатқанын көргенін айтты.

Айыпталушы оның тірі қалуы мүмкін деп ойлағанын, сол себепті қорыққанын жеткізді. Оның айтуынша, сол сәтте полиция шақыру туралы да ойлаған, бірақ отбасын, бес баласын еске алып, екіұдай күйде қалған.

Сот барысында Сәрсемәлиев Мейрамгүлдің өліміне қатысты да жауап берді. Оның айтуынша, Мейрамгүл ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Жангелдин ауылынан әкелініп, Ақбаянға көмектесу үшін үйде болған.

PESTEL

Үкімет ғимараттарына, мемлекеттік мекемелер мен білім беру мекемелеріне бүкіл ел бойынша туларды жар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларын талқылау жалғасуда. Әсіресе, ең көп талқыланы...