Ұшақ апаты: мерт болған экипаж мүшелерінің қайда жерленетіні белгілі болды

Фото: Reports

ЖАҢАЛЫҚТАР
2854

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан мерт болған ұшқыштар мен бортсеріктің мәйіті еліне жіберіледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әзірбайжандық жергілікті басылымдардың мәліметінше, апат болған AZAL ұшағының ұшқыштары Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және бортсерік Хёкума Алиева II Құрмет аллеясында жерленеді.

Ұшқыштар мен бортсеріктің денесі әлі Қазақстанда.

Желтоқсанның 25-і күні Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Бакуден Грозныйға ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. 67 адамның 38-і көз жұмды. 5 экипаж мүшесінің үшеуі мерт болды, екі бортсерік Маңғыстаудағы ауруханада ем алып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...