Астана - Екатеринбург бағытындағы рейстер тоқтады

Фото: qazaqair.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2430

Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстері ұшпайды. Бұл шешім Ресейге ұшу тәуекелдері бағаланғаннан кейін қабылданды. Яғни жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды.

Бірақ QAZAQ AIR Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады.

«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады», делінген әуекомпанияның хабарламасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қазанда Шымбұлақ тау-шаңғы курортында Тянь-Шань шыршасын егуге  арналған экологиялық акция ө...