Ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштың анасы ұлы туралы тың дерекпен бөлісті

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2498

Ақтау маңындағы әуе апатынан көз жұмған ұшақ капитаны Александр Каляниновтың анасы ұлы туралы естеліктерін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Марқұмның анасының айтуынша, Александр бір апта бұрын ғана алғашқы демалысынан жұмысқа оралған. 

«Ұшақ апаты болардан бір күн бұрын ол маған WhatsApp арқылы ұшуға тағайындалғанын айтты. Әдеттегідей ол маған қашан ұшатынын және қашан қайтатын айтып, ескертті. Александр рейске шыққанда мені үнемі хабардар етіп отыратын және үнемі алаңдамауды өтінетін», - дейді марқұмның анасы. 

Әйелдің айтуынша ұлының уақыты тығыз болады екен. Александр Каляниновтың жұмысқа орналасқанына енді бір жыл болған.

«Ол бір жыл ғана жұмыс істеді. Бір апта бұрын алғашқы демалысынан оралды. Александр демалысында Францияға баруға шешім қабылдады. Мен «Саша, сен оған лайықсың» дедім. Бірақ соңы қорқынышты трагедиямен бітті», - деді ұшқыштың анасы.

Калянинов оқуын 2013 жылы бітірді. Бірақ бір жыл бұрын ғана жұмысқа орналасқан.

Сарапшылар апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқыштары тәжірибелі екенін жарыса айтып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...