Қазақстанда жұмыс істеген Олимпиада чемпионы допинг үшін уақытша шеттетілді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1451

Танымал балуан, кезінде Қазақстанда жаттықтырушылық қызмет атқарған Хаджимурат Гацалов допингке қатысты ережелерді бұзды деген күдікпен жарыстардан уақытша шеттетілді, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ penalty.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ITA) ресми мәлімдемесінде хабарланды. Шеттету шешімі 2025 жылдың 5 мамырынан бастап күшіне енді.

42 жастағы Хаджимурат Гацалов 2023 жылдан бері Ресейдің еркін күрестен ұлттық құрамасының бас бапкері болып қызмет атқарып келеді. Спорттық мансабының ең шарықтау шегі – 2004 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленуі.

Бұдан бөлек, ол бес дүркін әлем чемпионы (2005, 2006, 2007, 2009, 2013) және үш мәрте Еуропа чемпионы (2003, 2004, 2006) атанған. 2020 жылы Гацалов Армения азаматтығын алып, халықаралық аренада осы елдің атынан жарысқа қатысқан болатын

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...