Назарбаев Қытайдан елге орала алмай жатқан қазақтардың мәселесін шешуді тапсырыпты. Бүгінде Қы...
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай?
Фото: ulysmedia.kz
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациенттер ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізген. Олардың біреуі Әзербайжан азаматтығы анықталды. Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келген.
Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келген. Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.
Бүгін таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да РФ ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей азаматтары эвакуацияланған.
Қазір ауруханада 20 науқас бақылауда. Оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалап ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылған.