Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың дерек белгілі болды, деп...
Меркілікке тұрмысқа шыққан қыздың қайтыс болар алдындағы сәті көрсетілді (ВИДЕО)
коллаж: MadeniPortal.kz
Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадинаның тағдырына қатысты жаңа мәліметтер айтылды. Марқұмды осыдан екі жыл бұрын, 17 жасында Меркілік жігіт алып қашқан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Мадинаның анасының айтуынша, қызы болашақ күйеуімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуі небәрі 20 күндей сөйлескеннен кейін шаңырақ көтерген.
Осылайша, Мадина 17 жасында келін болып, екі жылдан кейін 19 жасында өмірден өтті.
"Қызымның қайтыс болғанын құрбысы Зейнептен естідім. Құда-құдағиларымнан сұрағанда қазір ауруханада сағат тоғызда келеді деді. Олар маған о дүниелік болғанын маған айтпады. Күйеубала 23-те, жұмыссыз. Алып қашқанда қалдырмайсыз дегенбіз. Бірақ қызым қаламын деді. Интернеттен танысқан. Олар жаназаға да келмеді. Бәрібір болып тұр", - деді қайтыс болған қыздың анасы.
"Мамасына қызының ватсабынан асылайын деп тұрған видеосын жібереді. Бірақ біз бұған сенбейміз. Себебі видеодағы аяқтар әйел адамның аяғына келмейді. Күйеуі түсірген деп ойлаймыз", - деді туысқаны.
Марқұмның жақындарының айтуынша, оның қазасына қатысты бірқатар жайт әлі де анықталуы тиіс. Қазір оқиғаның мән-жайы қоғам назарында.
Мадинаның отбасы оның өліміне қатысты барлық жағдайға толық әрі әділ құқықтық баға берілуін күтеді.