«Мүгедек шешесін пышақтап, денесін өртеп жіберген»: Шымкентте жантүршігерлік қылмыс тіркелді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
408

Шымкентте туған анасын айуандықпен өлтірді деген 30 жастағы ер адам сотқа тартылды. Ол мүгедек шешесін үйінде пышақтап, денесін өртеп жіберді деп айыпталып отыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жариялады.

Тергеудің мәліметінше, 30 жастағы жігіт қаңтарда қылмысқа қасақана барған. Ол қылмыс барысында ішімдік тойып алыпты. Қаскөй туған анасын пышақтап тастайды. Содан кейін қансыраған мәйітті үйдің ауласына тастап, от қойған дейді .Қансырап жатқан 54 жастағы әйелді көршілері көріп, полицияға қоңырау шалған.

“Пышақпен жүрек тұсынан үш рет соққы жасап, әрі қарай арқасынан 6 рет пышақ сұққан. Қылмысын жасыру мақсатында үйде 15 метр жердегі дәретхана маңынан алдын ала қазылған жерге ағаштарды салып от жаққан. Сарайдан шынжыр алып шығып, шынжырмен Аданованың мойнынан сүйреп, алдын ала қазылған жерге әкеліп, мәйіттен құтылу үшін түнімен өртеген”, – деді мемлекеттік айыптаушы Меруерт Досмаханбетова

Прокурордың сөзінше, бала кезде анамнан қорлық көрдім деген жігіт кек алу мақсатында осындай қатігездікке барған. Бірақ алғашқы сот отырысына айыпталушының өзі келмеді. Ол қазір психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр екен.

“Көршілері шықты. “Мынау адам өлтірді” деді. Үйді көрсетті. Кірсек, үйдің бәрі қан-қан болып жатыр екен. Есіктері ашық. Арғы жақта от жанып жатыр. Жүгіріп қарасақ, адамның қаңқасы ғана қалған”, – деді полиция қызметкері.

Өзін ұстауы өзгерген. Туыстарын, анасын ұрған. Туыстарын ұра бергеннен кейін әйелі полиция шақырып, жатқызған. 2024 қаңтарынан бастап стационардан шыққан соң есепке алынған. Ол жерде шизофренияға жақын ауруы болған соң учетқа алынған”, – деді Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының басшысы Сәуле Әлімбекова.

Мерт болған жалғызбасты ана екінші топтағы мүгедек болған.

Марқұмның туыстары сотқа онлайн қатысты. Олар кінәлінің жазасыз қалмауын сұрайды. Айтуларынша, мұндай айуандыққа барған адам бостандыққа шықса тағы бір адамның өмірін қиюы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Instagram-нан жоғалып кеткен қазақ әндері қайта оралды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Бұл ақпарат...