Ұзынағашта 21 жастағы қыздың мәйіті ерлер дәретханасынан табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
476

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 29 маусымда 21 жастағы Диананың мәйіті ерлер дәретханасынан табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұмның туыстары оның өліміне қатысты күмәні барын айтып, қыздың қаза болуына қылмыстық әрекет себеп болуы мүмкін деп есептейді.

Марқұмның анасының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін бір күн бұрын Диана оған сыйлық жасап, сұлулық салонына апарған. Сондай-ақ анасына концертке билет алып берген. Сол күні жұмыстан кейін ағасының үйіне баруды жоспарлаған. Алайда түнде қызбен байланыс үзілген.

Туыстары Диананың денесінен бірнеше көгерген із байқалғанын айтады. Сонымен қатар олардың сөзінше, қыздың сөмкесінен 100 мың теңге мен мойнындағы алтын алқасы жоғалған. Кейін марқұмның кейбір жеке заттары жырадан табылып, тергеушілерге тапсырылған.

Жақындары оқиға кезінде дәретхана маңында болған болуы мүмкін куәгердің сөзіне де назар аударып отыр. Олардың айтуынша, әйел сол маңнан екі көлік пен төрт жас жігітті көргенін айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгіл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулау кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оны...