Мақпал Жүнісова жолда оқыс оқиғаға тап болды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
334

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жол үстінде оқыс жағдайға тап болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әншінің айтуынша, сіңлісі екеуі көлікпен келе жатқанда дөңгелек кенеттен жарылып кеткен. Осы сәтте оларға жолда кездескен азамат көмектескен.

"Сіңілім екеуміз келе жатқан едік, жолда көліктің дөңгелегі жарылды. Сұлтан есімді Атыраудың жігіті дөңгелекті ауыстырып беретінін айтты. Жақсы адамдар бар екен, жасы ұзақ болсын", – деді Мақпал Жүнісова.

Өнер иесінің видеосын көрген желі қолданушылары болған жағдайға алаңдаушылық білдіріп, әншіге амандық тіледі.

"Дөңгелекті бүйірінен қатты тесіп кеткен екен, Құдай сақтапты", "Жақсы адамдар көп болсын", "Аман-есен жүргеніңізге шүкір", "Адамның ниетіне қарай жақсы адамдар кездеседі", – деп жазды оқырмандар.

Желі қолданушылары әнші мен оның сіңлісінің дін аман қалғанына қуанып, жолда көмектескен азаматқа алғыс айтты.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді&raq...