Вокзалда әйел 17 адамды пышақтап тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1890

Теміржол вокзалында пышақ ұстаған әйел 17 адамды жарақаттады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Alash.KZ порталына сілтеме жасап.

Гамбургте теміржол вокзалындағы жолаушы 17 адамды пышақтады, деп хабарлайды BBC.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы әйел жолаушыларға пышақ ала жүгірген. Ол оқиға орнында ұсталды. Ешқандай қарсылық көрсетпегені айтылды. Полиция күдікке ілінген азаматтың жалғыз әрекет еткенін атап өтті.

Зардап шеккендердің алтауы ауыр жараланған, алтауы жеңіл жарақат алған. Олардың кейбіреулері тікелей пойыз вагондарында көмек көрсетілді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу жалғасып жатыр. Вокзал уақытша қоршауға алынды, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелетке толмаған бес баласының алдағы тағдырына қатысты жеке қаулы шығар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда екі таныстың арасындағы жанжал қарулы шабуылға ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Пол...