«Хабар аға» атанған аңыз журналист өмірден өтті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
108

Белгілі қазақстандық тележурналист, тікелей репортаждың тарланы Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды. Қаралы хабарды «Хабар» агенттігі жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Белгілі тележурналист, тікелей репортаждың тарланы, «Хабар аға» атанған Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды», – делінген агенттік хабарламасында.

Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сол жылы Қазақ телевизиясының балалар мен жасөспірімдер редакциясында оның алғашқы хабары эфирге шықты.

Тележурналист «Хабар» агенттігі құрылған күннен бастап еңбек етіп, 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Ол 40 жылдан астам ғұмырын журналистика саласына арнады.

Тілеуқабыл Мыңжасар елді мекендерді аралап, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін кеңінен көрсетті. Сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді республикалық эфирде көтеріп, көрерменге тікелей репортаждарымен танылды.

Тілеуқабыл Мыңжасар Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы және «Хабар» агенттігінің «Алтын микрофон» сыйлығының иегері болған. Сондай-ақ «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен және Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Марқұмның жаназа намазы 29 тамыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласында оқылады.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде сахнаға оның ата-анасы Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира...

СПОРТ

Әзірбайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет шықты. Баку...