Қазақстанда 43 мың адам микрокредит аламын деп алданған

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
80

Қазақстанда 43 мыңға жуық азаматтың микрокредит рәсімдеу кезінде алданып қалуы мүмкін екені анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің 18 өңірінде жұмыс істеген «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың тамыз айынан бастап ұйым қызметкерлері микрокредит алушыларға қосымша ақылы кеңес беру қызметін рәсімдеген. Оның құны несие сомасына байланысты белгіленіп, клиенттерге ақшаны алу немесе қарызды өтеу мерзімін ұзарту үшін міндетті қызмет ретінде ұсынылған.

Алайда қарыз алушыларға бұл қызметтен бас тартуға болатыны түсіндірілмеген. Салдарынан азаматтардың қолына тиетін қаражат азайғанымен, ақылы кеңес беру құны жалпы берешекке қосылып, оған да пайыз есептелген.

Бұдан бөлек, клиент микрокредитті өтеу мерзімін ұзартқан сайын ақылы кеңес беру қызметі қайта рәсімделіп отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, осындай тәсілмен 43 мыңға жуық қазақстандықпен 181 мыңнан астам келісімшарт жасалған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Микроқаржы ұйымы директорының орынбасарына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін олар кінәсіз деп есептеледі.

Шоу-бизнес

Бішкекте өткен Шакираның концерті Қырғызстанға мыңдаған шетелдік туристің келуіне себеп болды. Қырғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мінген көлік ауыр жол апатына ұшырап, үш әйелд...