Қазақстанның төрт өңірінде жолдар жабылды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
880

Бүгін, 11 ақпанда, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Автокөлік қозғалысына шектеу республикалық маңызы бар автожолдардың төмендегі учаскелерінде енгізілді:

Жамбыл облысында:

  • сағат 08:30-дан бастап – жүк автокөліктері үшін – РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 534–593 км аралығы (Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).

Түркістан облысында:

  • сағат 08:30-дан бастап – жүк автокөліктері үшін – РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 593–654 км аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат кентіне дейін).

  • Қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 12 ақпан, сағат 10:00.

Павлодар облысында:

  • сағат 09:00-ден бастап – көліктің барлық түрі үшін – Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов автожолының 25–220 км аралығы (Ақсу қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

  • Жолды ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 11 ақпан, сағат 20:00.

Қарағанды облысында:

  • сағат 11:00-ден бастап – көліктің барлық түрі үшін – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідертіавтожолының 970–1067 км аралығы (Қарағандыдан Молодежный кентіне дейін).

  • Жолды ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 12 ақпан, сағат 09:00.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...