“Хиджап киюден бас тартқаны үшін”: Қызының денесінде жын бар деп ойлаған ата-ана қызына сұмдық әрекеттер жасады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2050

Қырғызстанда, Бішкекте 20 жастағы қыз құқық қорғаушыларға хиджаб киюден бас тартқаны үшін ата-аналары тарапынан жүйелі түрде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы елдегі дағдарыс орталығы хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, ата-аналар оған физикалық және психологиялық қысым жасап, құқығын шектеген. Оқуға жібермей, телефон ұстатпаған.

"Мен хиджаб кигім келмейді, бірақ ата-анам егер мен қарсылық көрсетсем, онда менде жын бар деп санайды. Соңғы жылы олар тіпті әсірелеп жіберді", - деді жас қыз.

Жәбірленушінің ата-анасы оны күн сайын  "жынды шығару үшін" белгісіз сұйықтыққа батырған. Таяқпен ұрып-соққан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...