Енді Қазақстанда бетін тұмшалап жүргендер жазаға тартылады

Фото: Boris Roessler / dpa / Global Look Press

ЖАҢАЛЫҚТАР
210

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін бүркемелейтін киімдерге байланысты талаптар күшейтіледі. Мәжілістің пленарлық отырысында тиісті заң жобасына өзгерістер екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Депутат Магеррам Магеррамов түсіндіргендей, енді адамның келбетін толық немесе жартылай жауып, оны тануға қиындық тудыратын киімдерге әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Алғаш рет құқық бұзғандарға тек ескерту жасалады.

Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға кедергі келтіретін киім үлгілерін киюге тыйым салынды. Бірінші рет жасалған құқықбұзушылық үшін ескерту беріледі, ал қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2025 жылы бұл 39 320 теңге)", - деді депутат.

Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі. Жоғарғы палата мақұлдаған жағдайда, заң Президентке қол қоюға жолданады. Қай күннен бастап күшіне енетіні әзірге нақтыланбады. 2026 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты айыппұл шамамен 43 250 теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...