Көпқабатты үйлердің кіреберісіне балалар арбасы, самокат қоятын жандарға айыппұл салынуы мүмкін

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1664

Көпқабатты үйлердің кіреберісіне балалар арбасы, самокат қоятын жандарға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабында осындай әкімшілік жаза көзделген. 

«Кіреберісте өрт немесе түтін шыққан жағдайда әрбір секунд маңызды. Егер эвакуация жолын жиһаздар, жәшіктер, тіпті гүл құмыралары жауып тұрса, бұл біреудің өмірін қиюы мүмкін. Әсіресе үйде балалар, қарттар немесе жүріп-тұруы қиын адамдар тұратын болса, өте қауіпті», - деп түсіндіреді Ақтау қаласы полиция басқармасы қызметкерлері. 

Мұндай заңбұзушылық үшін 73 920 теңгеден 110 760 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Заңды қайта бұзған жағдайда айыппұл көлемі де арта түседі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...