Петропавлда жеңіл автокөлік өртеніп кетті

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1665

Петропавлда Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік өртке оранды., деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Бұл туралы Liter.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламада айтылғандай, өрт газ баллонымен жабдықталған көліктің мотор бөлігінде шыққан. Бұл жарылыс қаупін тудырған.

«Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 12 минут ішінде оқиға орнына тез жетіп, отты толық сөндірді. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ауа-механикалық көбік қолданылды. Соның арқасында жалынды тиімді түрде басып, оның автокөлік салонына таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...