«Үміт сыйлайтын деректер шықты»: Анасын іздеп жүрген Жәнібек мәлімдеме жасады

Фото: instagram/muratsaveliev

ЖАҢАЛЫҚТАР
319

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасы асырап алған Жәнібек туған анасын іздеу жұмыстарын тоқтатпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ізденістің өзі үшін ерекше маңызды екенін айтып, анасын табу жолында бірқатар жанашыр азаматтар мен заңгерлердің қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді.

Жәнібектің сөзінше, соңғы уақытта үміт сыйлайтын жаңа мәліметтер пайда болған. Дегенмен іздеу жұмыстарының нақты қашан нәтиже беретінін болжау қиын екенін айтты.

«Қазір Қымбат Досжан, Мейірман Шекеев және басқа да қолдау білдіріп жүрген азаматтармен бірге анамды іздеуді жалғастырып жатырмыз. Бұл қанша уақытқа созылатынын білмеймін. Алайда соңғы кезде бізді үміттендірген бірнеше дерек табылды. Жақсы жаңалықтан үміт үзбеймін», – деп жазды ол.

Жәнібектің жазбасы желі қолданушыларының көңілін толқытып, көпшілік оған туған анасымен қауышуын тілеп, жылы лебіздерін білдірді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...