Бас бостандығынан айырылғандарды ұстайтын орындарға қатысты туындаған сыни пікірлер қоғамда аз емес....
Жамбылдағы жол апаты. Қайтыс болған полицейдің бірі – 11 баланың әкесі
Фото: ulysmedia.kz
Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін қиған жол-көлік апатынан қаза тапқан полицейдің бірі "100 жаңа есім" жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, 11 баланың әкесі 46 жастағы Ғалым Арыстанбаев екені белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz untamed.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны болған Ғалым Арыстанбеков жамбылдықтарға жақсы таныс. Оның отбасы өздерінің 3 баласынан бөлек, тағы 8 баланы балалар үйінен асырап алып, кейін “100 жаңа есім” жобасына қатысқан. Көпшілік дауыспен жобаның екінші кезеңінің жеңімпазы атанды.
Марқұм Ғ.Арыстанбаев жұбайы Әлиямен бірге отбасы үлгісіндегі балалар үйін жасаған.
Сондай-ақ Арыстанбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының да финалисі болған.
«Арыстанбаевтар отбасы көпұлтты. Олардың әзербайжан, қытай, өзбек ұлтынан үш қызы бар. Балалары орыс және сыған. Олардың барлығы түрлі ұлт өкілдері болғанымен барлығы да қазақ тілінде сөйлейді. Балалар өте жақсы әрі мейірімді, оларды ата-аналары үлгілі азамат болуға тәрбиелеуде. Олардың барлығы да Қазақстанның белді азаматтары болады деген үміттеміз», дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Жамбыл облыстық ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Ғалым Арыстанбаев 2006 жылдан бері ішкі органдарында еңбек етіп келген.