Астанада лифт ішінде сүйіскен екі еркек қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1470

Астанада лифтіде ерсі қылық көрсеткен екі еркекке қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сотта оның бірі лифт есіктерін бірнеше рет жұдырықпен ұрып, бейнебақылау камерасын қасақаны бүлдіргені анықталды.

Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, мас күйінде құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді.

«Құқық бұзушылықты жасау мән-жайлары, құқық бұзушының түсіндірмесінен басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, түсініктемелермен және полиция инспекторының баянатымен расталды.

Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі және 434-бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Шығын өтелмегендіктен, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...