ЖЕТІСУЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР АСТАНАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Жаңалықтар
608

2018 жыл 28 маусым Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары Астананың 20 жылдығы аясында "Жетісу" саябағының ашылуына орай өтетін салтанатты шарада Елорда халқын Жетісудың әсем сазына бөлеу үшін жолға шықты. Айтулы мерекеге Алматы облысының тартуы - бұрынғы "Арай", қайта жөндеуден өтіп, жасанған Жетісу жұртшылығын еске салып тұрар "Жетісу" саябағы. Оның 1 шілдеде өтетін ашылуында облысымыздың М. Төлебаев атындағы оркестрі, "Адырна", "Сазген", "Құлансаз", "Сүйінбай сазы"ФЭА, "Алтынай" мемлекеттік халық биі ансамблі, дәстүрлі және эстрада әншілері өнер көрсетпек. 

Облыстық филармонияның директоры Данияр Құрамысовтың айтуынша, өнерпаздардың дайындығы ойдағыдай. Астана туралы жаңа әндер жазылған. Сонымен қатар концерттік бағдарламада Жетісудың ән-күйі шалқитын болады. 

Жалпы Астанаға Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Абдуәлиев бастап 220 өнерпаз жолға тартуда. Облысымыздың өнерін асқақтатып жүрген жандарға сәтті сапар тілейміз.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...