Жәнібек Әлімханұлы допинг нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
284

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) допинг тесті тыйым салынған дәрмек қолданған деген нәтиже көрсеткеніне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Бұл жағдай WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) үш белбеу сарапқа салынатын жекпе-жек алдында болып отыр.

"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отынмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!", - деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...