ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Қазақстандық азамат продюсерді зорлады деп айыптады. Осы оқиаға қатысты полицияның тексеріс жүргізіп жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта арызданушы Қытайда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, қазақстандық продюсерге қатысты зорлау туралы арыз бойынша полиция тексеріс жүргізуді бастады.

Қазақстандық Нұрғали Нұғман бұған дейін Instagram желісінде видеоүндеу жариялаған. Оның айтуынша, бала кезінде ол балалар жобасының продюсері болған туысынан зорлық көрген.

Полиция тексерісті бастап кеткен.

«Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттан кейін біз жедел әрекет еттік. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Құқықтық баға тергеу барысында беріледі. Тергеу басталды, барлық деректер тексеріледі. Қазіргі уақытта арызданушы Қазақстаннан тыс жерде – Қытайда», – деді Әділов мәжіліс дәлізінде. 

Арыз жазған азамат Қазақстанға оралғаннан кейін полиция тергеу әрекеттерін жалғастыратынын мәлімдеді. 

PESTEL

Үндістанның IndiGo әуе компаниясының Делиден Ченнайға бет алған 6E 6115 рейсінің салонында пауэрбанк...

Шоу-бизнес

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке бақыт пен тағдыр туралы жазба...