Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және...
"Мінезі өзгере бастады": Жігер Ауыпбаев қойшы баламен араласпай кеткенін айтты
Фото: Caravan.kz
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев сахнаға шығарып, бағын жаққан қойшы баламен араласпай кеткенін жасырмады, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Өнер иесі “Хабарlike” бағдарламасында қонақ болып, Береке Мұрат есімді жылқы бағатын өнерлі баланы таныстырды.
“Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен қойшы баланы үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да ұстазы ретінде қайда барсам бірге ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей. Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан болатынмын. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады”, – дейді әнші.
Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіде “Бозторғай ана” әнін айтып, танымал болған Береке Мұратқа да ұстаздық етуді бастағанын жеткізді.
“Мен продюсер деген сөзге қарсымын. Қолымнан келгенше кез келген қазақ баласына қолдау білдіргім келеді. Өзімізде ауылдан шыққасын, тасадағы таланттардың бағын жағуға тырысамын. Райымбек ауданында ән сапармен барғанда қойшы баланы таптым. Енді өнерге қосамын деп жатқанымда кетіп қалды. Қаншама жоспарлар қалды. Ештеңе айтпастан бір күнде кетті. Содан жылқышы балаға көзім түсті. Қазақ өнерін биікке көтеретін мықты маман болатынына сенімдімін”, – дейді эстрада жұлдызы.