«Жедел жәрдем» тәулік бойы жұмыс істемейтін болады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
3392

 Жедел жәрдем бұдан былай барлық науқастарға тәулік бойы қызмет көрсете алмайды, деп хабарлады madeniportal.kz тенгринюске сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасында жарияланған.

Бүгінгі күні жедел медициналық жәрдем (ЖМК) бөлімшелерінің фельдшерлік және мамандандырылған бригадалары науқастарға тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.

Ендігі кезекте жедел медициналық көмек көрсету қағидаларының жаңа редакциясында шұғыл шақырудың жеделдігінің 4 санаты айқындалады:

1-ші санатына шақыру-шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, науқастың өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда;

2-ші санатына шақыру-медициналық көмек көрсетусіз өміріне қауіп төну ықтималдығы жоғары болатын жағдайда;

3-ші санатына шақыру-медициналық көмек көрсетусіз науқастың денсаулығына қауіп төнуі ықтималдығы жоғары жағдайда;

4-ші санатындағы шақыру-науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған жағдайда;                  

Ұсынылған жаңа ережелерге сәйкес, жедел жәрдем 4-ші санаттағы қоңырауларға тәулік бойы емес, кесте бойынша барады. Яғни жұмыс уақытында: 08:00 - ден 18:00 - ге дейін-жұмыс күндері, сенбіде-8:00-ден 12:00-ге дейін шығады.  Жексенбі-демалыс.

 Өзгерістерді жасаушылар қаржыландырудың жетіспеушілігімен байланысты деп мәлімдеді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...