Газада 20-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Израиль Әскери әуе күштерінің...
БҚО-да 1600-ден астам өлі киік табылды
ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысында, Қазталов ауданында, Сарыөзен өзенінде киіктердің өлекселері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 1600-ден астам жануардың қырылғаны анықталған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Мамандардың айтуынша, осы кезеңде киіктердің қырылуы табиғи себептерге байланысты болуы мүмкін — қысқы көші-қоннан кейін әлсіреген дарақтар әрдайым тірі қалмайды. Мұндай жағдайлар жыл сайын көктем мезгілінде тіркеледі, ал кейбір жылдары өлген жануарлар саны бес мыңнан асқан.
Қазіргі уақытта өлекселерді жинау және жою жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ мамандар қажетті сынамаларды алып, өлімнің нақты себептерін анықтау және ықтимал қауіптерді бағалау үшін ветеринарлық зертханаға жолдады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, киіктің Орал популяциясының саны 2,3 миллион басқа жеткен. Келесі аптада өңірде жануарларды кезекті есепке алу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылы киік санын реттеу шаралары жүргізілген.
«Киік санын реттеу қорытындысы бойынша табиғи ортадан 108 мыңнан астам жануар алынды. Бұл жұмысқа 15 ет комбинаты мен сою цехтары қатысты. Әрине, бұл өз әсерін тигізеді. Мысалы, аналық киік жылына екі төл әкелетінін, олардың шамамен 60%-ы аналық екенін ескерсек, жалпы саны шамамен үш есеге қысқаруы мүмкін», — деді аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Қайрат Кәдешев.