Зейнеткерлердің қарызы кешірілуі мүмкін

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
240

Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, қарызға батқан азаматтарға көмектесу үшін банктерге берешегін кешіру, соттан тыс және сот арқылы «банкрот» деп тану, сондай-ақ төлем қабілетін арттыру үшін қабылданған заң өз мақсатына сай жұмыс істемей жатыр. Бұл заң борышкерлерге ешкімге жүгінбей-ақ, өтініш беруге ыңғайлы жағдай туғызуы керек еді.

Депутаттың айтуынша, қарызы 6 миллион 291 мың теңгеден аспайтын азаматтар банкроттыққа өтініш беру мүмкіндігіне ие болуы керек, бірақ қазіргі жағдайда бұл мүмкіндіктер іс жүзінде жүзеге аспайды. Е-өтініш қосымшасы арқылы жолданған өтініштердің қанағаттандырылмауының салдарынан көптеген зейнеткерлер зейнетақыларынан айрылып жатыр. Олардың көбі банктерге қарыздар, ал сот орындаушыларының әрекеті олардың есепшоттарын бұғаттап, шетелге шығу мүмкіндіктерін шектеп қойған.

Депутат өз сөзінде: «Зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатқызылмағандықтан, зейнеткерлердің зейнетақысы қарыздарды төлеуге кетіп жатыр. Банктерге барсаңыз, 32 мың теңге зейнетақысы бар, бірақ ол да жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлерді көресіз», — деді.

Қайрат Балабиев зейнетақы қорынан жиналған қомақты қаржыны елдің игілігі үшін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп: «Зейнетақы қорынан алынған қаржы елге пайда әкелуі тиіс, ал зейнетақыны кіріс көзі деп санау ұят емес пе?» деген сұрақ қойды. «Зейнетақы жинақтарына қол салу аздай, енді зейнеткерлердің зейнетақысын жегізбеуіміз қажет. Бұл біздің елдігімізге сын болар», — деп түйіндеді депутат.

Шоу-бизнес

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісованың қызы Мерей IELTS емтиханынан 8,5 ұпай алып, жоғары нәтиже көрсетт...

Шоу-бизнес

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі оразаға бағалы бренд әшекей әперіп, көпшілікті таң...