“Жағдайға немқұрайлы емес” жандар Ақмола облысындағы Оразақ ауылына көмек қолын созуды ж...
Желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: ЖИ
«Қазгидромет» мамандары 2026 жылдың желтоқсан айына арналған алдын ала болжамды жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, қыстың алғашқы айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткіштен 1–2 градус жоғары болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарының шығыс бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында сақталады. Ал еліміздің барлық аумағында жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтілуде.
Қарашаның соңғы күндерінде елдің солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерінде түнде 18 градусқа дейін аяз болады. Батыста ауа температурасы 5–12 градусқа, шығыста 7–12 градусқа дейін төмендесе, таулы аудандарда 20 градусқа дейін аяз күтіледі.