Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларға Мәжіліс депутаттары – &...
Алматыда дәрігерлер 98 жастағы қарияға күрделі операцияны сәтті жасады
Фото: freepik
85
Мамандар зақымданған жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай-ақ ауыстырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Операция небәрі 45 минутқа созылды.
Операцияны Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері жасады.
98 жастағы пациентке аорталық стеноз диагнозы қойылған. Оның жасы ескеріліп, дәрігерлер заманауи аз инвазивті TAVI технологиясын қолданды.
Бұл әдіс жүрек қақпақшасын сан аймағындағы кішкентай тілік арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.