Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті ұсталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
116

Алматы полициясы Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйді қасақана өртеді деген күдікпен 37 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Еске салайық, 26 қарашада болған өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапқан еді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел жеке бас араздығы салдарынан осындай әрекетке барған болуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдіктінің жүріп өткен бағытын және оқиғаның мән-жайын анықтаған.

Қазіргі уақытта әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мамандар зақымданған жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай-ақ ауыстырған, деп хабарлайды MadeniPortal...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перу астанасы Лима әуежайында Қытайдың екі азаматының жүгінен 677 тірі жәндік пен бауырымен жорғалау...