Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы канадалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездестіЖүздес...
Жер қытайға сатылады деген халық қарсылығын білдірді (ВИДЕО)
Фотосурет: видеокадрдан
1046
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова 5 сәуірде жергілікті тұрғындармен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындар Арысқа Қытайлықтардың кіруіне, жер сатылуына және Қытайлық инвесторлардың мақта зауытын салуына қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Түркістан облысында мақта өсіру үшін Қытайдың ауыл шаруашылығы технологиялары енгізілмек. Автоматтандырылған заманауи технология «ақ алтынды» егіп, теруге дейін өзі атқарады.
Ал Арыс жұрты Қытайлықтардың шұрайлы жерді құнарсызданып жібергеніне ашынады. Өйткені жер құнарсыз. Еккен мақта да өнімді болмайды дейді.
- Мақтаны қазақ ексін!
- Қытай жерді құнсыздырмасын!
Қытай көксарай бөгеті маңына жоламасын!
Осылдай ұрандаған Арыс халқы ауылда еккен мақталарын сата алмай әлек екендерін жеткізді.
“Қытай жерді өңдеп, жоғары сұрып мақта алады”- дейсіздер, жергілікті шаруа оның жолын білмей отырған жоқ, біледі. Өнім көп алып, сортын жоғарлату үшін химикат керек, ал ауылдықтар тек селитраны қолданады, неге, жердің құнарлығына зиян келмесін деген ниет. Ал қара қытай жоғары сұрыпты өндіру үшін билогиялық тоқырауға ұшыратады, жердің құнарын ғана емес, елдің саулығын құртады деп араша сұрайды.
Қала әкімінің айтуынша Қытай Инвесторы Мақта алқаптарына тамшылатып суару технологиясын енгізуге дайын екенін айтты.
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова “Қытайға жер сатылмайды, олар-инвестор”-деп жауап берді.
Қытайлықтар жоғары сапалы мақта тұқымын себуді және мақта зауытын салуды жоспарлауда.
Әкімнің бұл жауабына ашуланған тұрғындар қазақтың ішінен де инвестор табуға болатынын айтты.
Айта кетейік 2024 жылы 10 қаңтарда Түркістанда Қытай инвесторымен мақта шаруашылығын дамыту жоспарына қол қойған ан еді.