Қазақстанда орташа жалақы 500 мың теңгеге жуықтады

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
1414

Елімізде орташа айлық жалақы 473 158 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық мөлшері 339 912 теңге болған. Ал орташа атаулы жалақы 473 158 теңгеге жетті.

Мамандардың айтуынша, көрсеткіштің өсуі жыл соңындағы қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылардың берілуімен байланысты.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Ақмола облысында тіркелген — 17,4%. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (13,1%), Абай облысы (11,7%), Алматы қаласы (11,5%) және Жетісу облысы (11,2%) тұр.

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...