Жетісайдағы жантүршігерлік оқиға: Автогаз құю станциясындағы өртке кінәлілер қамалды

Фото: Видеолан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1901

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты автогаз құю станциясындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жанармай құю бекетінің басқарушы директоры мен жүргізушісіне үкім шығарды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бас прокуратура мәліметінше, екі айыпталушы да бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған кінәсін дәлелдеді. Келтірілген моральдық және материалдық залал ішінара өтелді", - деп хабарлады ведомство.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 21 наурызда автогаз құю станцияларының бірінде жеңіл автокөліктің АГҚС-пен соқтығысуынан кейін жарылыс болған еді. Резервуар зақымданып, газ сыртқа шығып, газ-ауа қоспасы тұтанып кеткен. Жалын көлікке тараған. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі күйік алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...