Сарбаздарға казармада ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
762

Сарбаздарға казармада ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қарулы Күштерде ұялы телефондарды пайдалану қағидалары жаңартылды. 

Сарбаздарға ұялы телефонды казармаға дейін өшірулі күйде алып келуге және алып шығуға рұқсат етілді.

Телефонды пайдалану өз бөлімшесінде, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде рұқсат етіледі.

Пайдалану уақыты жергілікті жерде командирлермен айқындалады. 

Бұған дейін әскери қызметшілер тек батырмалы телефондарды және қатаң шектеулі уақытта ғана пайдалана алатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...