Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Уэльс командасынан жең...
Алматы облысында екі жастағы бала жоғалып кеткен
ТЖМ
1283
Алматыдағы Кеген ауданы аумағында орналасқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы жерінде екі жасар бала жоғалған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Іздестіру-құтқару жұмыстары үшін Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымынан механикаландырылған патруль тобы аттандырылды.
Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде бала табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Бала ата-анасына тапсырылды.
ТЖМ ескертеді: Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар