Жетісу облысында жолда кетіп бара жатқан жүк көлігі аударылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
590

Жетісу облысында жолда кетіп бара жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы - Өскемен тас жолында төрт көліктің қатысуымен жол апаты болды.

Полиция мәліметінше, Chevrolet Monza жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Iveco жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан жүк көлігі аударылып, қарсы келе жатқан Mazda көлігін басып қалған.

Сол бағытта келе жатқан Hyundai Sonata жүргізушісі олардан қашамын деп жол жиегіне шығып кеткен.

Салдарынан Mazda және Monza көліктерінің жүргізушілері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

СПОРТ

Бүгін Алматыда қазақ футболындағы маңызды матчтардың бірі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 ай ғарышта болған "Союз МС-28" халықаралық экипаж Қазақстанға, Байқоңырға келіп қонды, деп хабарла...