«Қабанның етін жеу күнә ма? Нақты дәлелмен айтып берсеңіздер. Маңызды» депті Фейсбуктегі...
Сара Алпысқызы өмірден өтті – БАҚ
Ашық дереккөз
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп жазды madeniportal.kz.
Бұл туралы orda.kz және kursiv.kz секілді бірқатар сайт жариялады.
Бұған дейін Сара Алпысқызының Алматы қаласындағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда ем алып жатқаны және оның ауыр хәлде екені айтылған еді.
Сара Қонақаева (2023 жылы Сара Назарбаева өзінің қыз күніндегі тегі — Қонақай (Қонақаева) — фамилиясын қайта қабылдады) – Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, қайырымдылық саласының көшбасшысы және елдің рухани-адамгершілік тәрбиесіне зор үлес қосқан тұлға. Ол 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Ол инженер-экономист мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында бастаған. 1962 жылы болашақ Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрды. Олардың үш қызы бар: Дариға, Динара және Әлия.
Сара Назарбаева 1992 жылы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын құрды. Бұл қор арқылы ол жетім балаларға, мүгедек және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарды . Сонымен қатар, ол «Өзіңді өзің таны» атты рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы, бұл бағдарлама мектептер мен колледждерде енгізіліп, жастардың ішкі жан дүниесін дамытуға бағытталған.
Сара Алпысқызының еңбегі халықаралық деңгейде де мойындалған. Ол «Достық» орденімен, Шыңғыс Айтматов атындағы І дәрежелі алтын медальмен, БҰҰ-ның ЮНИСЕФ қорының ескерткіш медалімен және басқа да көптеген марапаттармен марапатталған.
Айта кетейік, әзірге ресми дерек жоқ. Кей ақпарат көздері С.Алпысқызының тірі екені туралы жарыса жазуда.