Жетісуда 4 күн бұрын жоғалып кеткен балықшылар табылды

Фото: Pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1119

Жетісу облысында 4 күн бұрын балық аулауға кетіп қайтып оралмаған балықшылар табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жетісу облысының Ақжар ауылынан 3 шақырым қашықтықта 1988 жылы туған ер адамды іздестіру жұмысы ұйымдастырылды. Нақтыланған мәліметтер бойынша, ол 22 қараша күні достарымен бірге Алматы қаласынан балық аулауға шығып, байланысқа шықпаған.

Құтқарушылар кең аумақты, оның ішінде жету қиын жерлерді тексерді.

«Іздестіру шаралары барысында ТЖМ күштері Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде ер адамдарды тапты. Олардың автокөлігі құмға батып қалғаны және олар өздігінен шыға алмаған.

ТЖД қызметкерлері тұрып қалған көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...