КамАЗ-бен соқтығысты: Қостанай облысында мотоциклші мерт болды

Фото: Қостанай облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
376

Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақпарат агенттігі жазды. Оның айтуынша, автожолда «КамАЗ» көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

— «КамАЗ» жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, — деді Аманжол Байзақов.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...