2024 жылдың қыркүйек айна дейін үлкен экранға жол тартқан қазақстандық 70 кинокартинаның бесеуі &laq...
Жетісуда аяусыздықпен әйелін өлтірген ер адамның құрдасы ел естімеген деректі айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жетісу өңірінде әйелін атқа байлап азаптаған күйеу туралы жаңа деректер пайда болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Марқұм Айзат Жұманова жайлы жақын танысы бұрын белгісіз болған жайттармен бөлісті.
"Олардың отбасымен жақсы араласып тұрдық. Көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болдық. Соңғы күндері желіде 'Айзаттың да кінәсі болған' деген сияқты түрлі пікірлер айтылып жүр. Бірақ менің ойымша, мұндай сөздер – ауыр қателік.
Қандай жағдай болғанын әлі ешкім анық білмейді. Сондықтан Айзат жайлы орынсыз сөздер айтудан аулақ болайық. Екеуі де салмақты, сыпайы адамдар болатын. Осы үш жыл ішінде олардың арасында айқай-шу немесе кикілжіңді байқамадық. Айзат өте тәрбиелі, жайдары келіншек еді.
Олар бізге отбасы ретінде жақын еді. Айбардың ол күні не істегенін нақты ешкім білмейді – мүмкін ішімдік ішкен шығар, әлде басқа бір жағдай орын алған шығар. Бірақ не болса да, заң өз күшінде болады деп сенемін.
Бұл қайғылы оқиғада бір жаннан айырылып, екіншісі темір торға қамалуы мүмкін. Дегенмен, шындық ақыры бір ашылады деп үміттенеміз", – деп атап өтті Дана Қасымова. Ол көпшілікті нақты ақпаратсыз тұжырым жасамауға шақырды.