Жамбыл облысында 16 жастағы студент өлі табылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1533

Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында қайғылы жағдай болды. Дереккөздердің мәліметінше, колледждің 16 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Болжам бойынша, жасөспірім өзіне қол жұмсамас бұрын әкесінің көлігіне зақым келтірген. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Көршілері мен таныстарының айтуынша, жасөспірім өскен отбасы тұрмысы жақсы жанұя болған: ата-анасы жұмыс істейді, үлкен балалары — студент, ал кенже қыз мектепте оқиды.

Бұған дейін өңірде кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау және құқық бұзушылық жағдайлары жиілегеннен кейін, Жамбыл облысына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары мен республикалық комиссия мүшелері келген еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...