Жұмабек Жанықұлов Асқар Жұмаділдаевқа темір тұлпар сыйға тартты (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
107

Танымал қазақстандық бизнесмен Жұмабек Жанықұлов математик ғалым Асқар Жұмаділдаевқа мерейтойына орай ерекше сый жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Ардақты ұстаз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев биыл мерейлі 70 жасын атап өтпекші. Соған орай бизнесмен Алматы қаласында жаңа Hyundai Palisade автокөлігін сыйлады. Осы ретте ұстаз сөз сөйледі.

"Ағаларың биыл жетпіс жасқа келіп жатыр. Тойламаймын деп едім. Соған қарамастан адамдар өздері келіп, естіп жан-жақтан сыйлықтарын беріп жатыр. Мынау көлік соның ішінде ең күтпеген сыйлық болды. Барлықтарың да менің жасыма жетіңдер, менен де озыңдар, асыңдар", - деді Асқар Жұмаділов.

Бүл туралы Сырымбек Тау әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды.

"Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев ағамызға тосын сый! Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді. Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз!", - деп жазды Сырымбек Тау.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл қаласында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 5...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдан кейін біздің спортшылар Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындар...