Жойқын жарылыстан 5 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2111

Пәкістанда жойқын жарылыс болып, 5 адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Turkiye Gazetesi мәлімдеді. 

Балужистан провинциясында орналасқан Турбат қаласында үлкен жарылыс болып, бес адам қаза тапты. Жарылыс салдарынан тағы 32 адам жарақат алды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы әлі де ауыр.

Оқиға орнында полиция мен қауіпсіздік қызметі жұмыс істеп жатыр. Олар жарылвстың нақты неден болғанын әлі таппады. Полиция оқиғаны тергеуді бастады. Жарылыстың себептері мен жағдайлары нақтыланады.

MADENI TV

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы от...

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәр...