«Рэкетир» фильмі арқылы көрерменге танылған актер Мұрат Бисембин көз жұмды, деп хабарлай...
Бұрынғы министр Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
1264
Ұлттық экономика экс-министрі Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікович Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылған болатын.