Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы болып қайта тағайындалды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
98

Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы болып қайта тағайындалды деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, ол 2023 жылғы 1 қаңтарда Конституциялық сот төрағасы болып тағайындалған еді. 

Еңбек жолын Әділет министрлігінде бастап, 1996–2013 жылдар аралығында түрлі лауазымдар атқарған. Атап айтқанда, халықаралық құқық, заңнама және халықаралық шарттарды сараптау бағыттарында жұмыс істеген.

2013 жылғы қазаннан 2019 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалып, бұл қызметті 2022 жылдың соңына дейін атқарды.

2023 жылғы 1 қаңтарда Президент жарлығымен Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалған еді. Осылайша, ол 2026 жылғы 18 қыркүйекте аталған лауазымға қайта тағайындалды.

Эльвира Әзімова «Құрмет», II дәрежелі «Достық», III және I дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Айта кетейік, Конституциялық сот – Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган. Оның құрамына төраға мен он судья кіреді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақ табиғи парктерінің аумағына көлікпен кіру тәртібі өзгереді. Енді бұл а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстандық танымал тележүргізуші Айзада Жамгырчиева Қазақстандағы Respublica партиясының төрағасы...