Жолаушылар мінген ұшаққа найзағай түсті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2283

Pegasus әуе компаниясының Ыстанбұл – Бодрум бағыты бойынша ұшып шыққан ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Бодрумдағы Милас әуежайына қона алмай, Даламан әуежайына бағытталды.

Ауа райы жақсарғаннан кейін ұшақ қайтадан Бодрумға ұшты, алайда ұшу барысында оған найзағай түскен. Абырой болғанда, ұшақ сәтті қонды, ал техникалық тексеріс кезінде ешқандай зақым анықталған жоқ.

«Эгей аймағындағы ауа райының қолайсыздығы әуе қатынасына кері әсер еткенімен, Pegasus ұшағы Даламан әуежайына аман-есен қона алды. Кейін ауа райы қалпына келген соң, ұшақ Бодрумға сапарын жалғастырды», - делінген Haber Global таратқан ақпаратта.

Шоу-бизнес

Бішкекте өткен Шакираның концерті Қырғызстанға мыңдаған шетелдік туристің келуіне себеп болды. Қырғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мінген көлік ауыр жол апатына ұшырап, үш әйелд...